ҚР электрондық үкіметінің порталдары
Сайттар |
Ақпарат |
- ҚР электрондық үкіметінің порталында бүгінгі таңда 70-ке жуық электрондық қызмет түрлерін пайдалануға болады. Олардың ішінде көп қолданылатындары: жылжымайтын мүлік құқығына тіркелгендігі жөніндегі анықтама, зейнетақыны аудару, ӘЖК көшірмесі, ЖТЕ бұзғандағы айыппұлды төлеу қызметі. |
|
- мемлекеттік сатып алудың веб-порталы, мұнда интерфейспен онлайн режимінде сатып алулар жүргізуге болады, сонымен қатар пайдаланушыларды барлық анықтамалық-ақпараттармен қанағаттандырады |
|
- ҚР электронды лицензиялау. «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы тұрғындарға оның ішінде шалғай облыстардың азаматтары мен кәсіпкерлеріне электрондық үлгідегі лицензияны алу үшін интернет арқылы құжат тапсыруға өте қолайлы. |
|
E-pay |
- Электрондық үкімет төлем шлюзі автоматтандырылған жүйесі-бұл әрбір қазақстандықтың ақылы мемлекеттік қызметке қол жетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.Одан басқа, төлем шлюзі халыққа қызмет көрсетуде қолайлылықты, электрондық есепті жүргізу арқылы жедел есептілікпен, төлемдерді қабылдаудың қолайлы, айқын механизмімен, төлемді жүргізу уақытын және жеке тұлғалардың үстеме шығындарын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді Қазіргі таңда тұрғындар(жеке тұлғалар) «электрондық үкімет», порталының қызметін пайдаланып,. on-line режимінде 120 салық түрін төлеуге болады. Бұл мүмкіндік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің порталындағы «Салық төлеушінің кабинеті» (http://cabinet.salyk.kz) веб-қосымшасы мен «Қазкоммерцбанк»АҚ-ның төлем жүйесінің қатысуымен жүзеге асырылады. Электрондық тәсілмен салықты төлеу үшін«Салық төлеушінің кабинетінде» тіркелуіңіз қажет және кез-келген қазақстандық банктердің VISA/MASTER CARD төлем карточкасы болуы тиіс. |
- ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттық-сараптамалық жүйесі,Порталда статистикалық жинақтармен, ауылдар мен елдімекендердің даму мониторингісі бойынша дайындалған есептердің электрондық кестелерімен, сараптамалық материалдармен сонымен қатар, әр түрлі ақпараттармен танысуларыңызға болады. |
|
- Бірыңғай нотариалды жүйе, нотариустардың жұмыстарының тиімділігін және олардың ҚР ӘМ, республикалық, аумақтық нотариалды палаталармен өзара байланыстарын қамтамасыз етіп, тұрғындарға сапалы нотариалды-құқықтық қызмет көрсетіп, нотариалды қызметтер жайындағы ақпараттарды өз уақытында шынайы тұрғыда қалыптастырады. |