Медициналық бұйымдарды және дәрілік заттарды баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен сатып алу өткізілетін хабарлама (26.10.2021 г.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны МБ сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен сатып алу өткізетіндігін жариялайд.
Жеткізу орны: Маңғыстау обл., Ақтау қ., 1 шағын аудан, ауруханалар қалашығы, №9 ғимарат
Жеткізу мерзімі : Жеткізу кестесі бойынша
Сатып алынатын тауарлардың тізімі, көлемі және толық техникалық ерекшеліктері 1 қосымшада көрсетілген.
Сатып алуға бөлінген сома – 620 000 тг
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымындағы №375 Қаулысының «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы», 97 тармағына сәйкес, Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін жабық күйде тек бір баға ұсынысын ғана береді. Конверт денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысын, тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдері арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың осы Қағидалардың 4-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы мен көлемін қамтиды.
Баға ұсыныстары бар конверттер 2021 жылдың қазан айының «26» бастап 2021 жылдың қараша айының «02» қоса санағанда, жергілікті уақытпен 10 сағат 00 мин бастап 17 сағат 00 мин дейін мына мекен жай бойынша қабылдайды: Маңғыстау обл., Ақтау қ., 1 шағын аудан, ауруханалар қалашығы, №5 кабинет.
Баға ұсыныстары бар конверттер 2021 жылдың қазан айының «26», жергілікті уақытпен 17 сағат 10 мин мына мекен жай бойынша ашылады: Маңғыстау обл., Ақтау қ., 1 шағын аудан, ауруханалар қалашығы, №5 кабинет
Баға ұсыныстары бар конверттерін ашқанда әлеуетті өнім берушілер және олардың өкілдері қатыса алады.
Қосымша ақпараттар мен мәліметтерді 8(778) 560-64-58 телефондары арқылы біоуге болады.