! МӘМС ЖАРНАЛАРЫ БОЙЫНША СТАВКАЛАР ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛАДЫ, ТЕК ЖАРНАЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІ ҒАНА ӨЗГЕРЕДІ
Достар, жыл сайын МӘМС жарналарының мөлшері өзгеріп отырады. 2023 жылы жарналармөлшері басқаша есептелетін болады.
Біз сіздер үшін төлеушілердің әр санаты бойыншаақпаратты алдын-ала дайындадық, сондықтан өзіңіз есептеудің қажеті жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жарналарының мөлшері жыл сайын өзгеріп отыратын АЕК және ЕТЖ мөлшеріне тікелей байланысты. Бұл реттеМӘМС жарналары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады, себебі олар «МӘМС туралы» Заңмен бекітілген.
Мысалы, дербес төлеуші бойынша жарналармөлшерлемесі 1 ЕТЖ-нің 5% - на тең (ең төменгі жалақы мөлшері). Және бұл мөлшерлеме ешқашан өзгермейді. Бірақ соңғы сомаға әсер ететін ЕТЖ мөлшері өзгеретін болады.
Биыл ЕТЖ мөлшері 60 мың теңгені құрады. Демек, МӘМС жарнасының мөлшері 3 000 теңге деп есептелінді.
2023 жылғы 1 қаңтарда ЕТЖ 70 мың теңгеге дейінұлғайтылады. Демек, МӘМС жарнасының мөлшері 3 500 теңгені құрайды.
Осылайша, МӘМС-ға жарна төлеушілердің әр санаты бойынша есептелінеді.