Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚМКК

Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
1 ш/а медициналық қалашық
Телефон: 8 /7292/ 50-78-68

E-mail: cpz-mangystau@med.mail.kz

02.12.2022
637
19:42
Дезинфекция бойынша дәріс өткізілді

Дезинфекция бойынша дәріс өткізілді

2022 жылғы 30 қарашада облыстық психикалық денсаулық орталығы мәжіліс залында орталықтың медициналық қызметкерлеріне  дезинфекция, дератизация, дезинсекция бойынша дәріс өткізілді.Дәрісті дәрігер-эпидемиолог М.Т. Базарбаева жүргізіп, баяндама жасады. 

Дезинфекция дегеніміз – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

Дератизация – кеміргіштерді жоюға немесе азайтуға бағытталған профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;

Дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайларды және аумақты жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою бойынша профилактикалық және жою іс-шараларының кешені;

Дезқұралдарымен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелет жастағы адамдарға рұқсат етіледі. Дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді.

     Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Евразиялық экономикалық одақтың Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген құралдар қолданылады. 

Ошақтардағы қорытынды дезинфекцияның сапасын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің мамандары ошақтардың кемінде 5%-ында зертханалық әдістерді қолдану, бір ошақтан кемінде 10 бактериологиялық шайынды, 1 сынама (құрғақ заттың), дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітіндісінің 1–2 сынамасын алу арқылы бағалайды.

Денсаулық сақтау объектілеріндегі төсек-орын жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) мынадай жағдайларда камералық дезинфекциялау әдісімен өңделеді:
1) пациент хирургиялық, травматологиялық, онкологиялық, гематологиялық, күйік бөлімшелерінен, жүкті және босанатын әйелдерге арналған бөлімшелерден, балаларға арналған бөлімшелерден, инфекциялық, туберкулезге қарсы, дерматовенерологиялық бөлімшелерден пациент шығарылғаннан, ауыстырылғаннан, оқшауланғаннан және қайтыс болғаннан кейін; 2) эпидемиялық көрсетілімдер бойынша 

3) төсек-орын жабдықтары биологиялық материалмен ластанған кезде;

 4) науқас қайтыс болған жағдайдан кейінзарарсыздандырылады.


Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте
Хабарлама жіберілді. Жауабын e-mail поштаңызға жібереміз.