Медициналық қызметкерлердің этикалық ұстанымдары
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Денсаулық сақтау қызметкерлері өз қызметінде келесі моральдық және этикалық ұстанымдарды басшылыққа алуға тиіс:
1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;
3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;
4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;
6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;
7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;
8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;
9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;
10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;
12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.
Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;
3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;
5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;
6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.
4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;
2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;
3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;
4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.
Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне сәйкес азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне, ең жоғарғы деңгейде оларға көмек көрсету сапасын қамтамасыз етуге барлық күш-жігерін салуы тиіс.
Медициналық қызметкер оның жынысына, жасына, ұлтына, нәсіліне, тұратын мекен-жайына, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сенім-нанымдарына және басқа да медициналық емес факторларына қарамастан қандай адамға болса да медициналық көмек көрсетуге тиіс.
Медициналық қызметкер өзінің біліктілігіне, лауазымына және қызметтік міндеттеріне сәйкес барлық мүмкіндіктерінің шеңберінде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін жалпы жауапкершілік, соның ішінде моральдық Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің моральдық міндеттеріне медициналық қоғамдастық қатарларының тазалығын сақтау, өз әріптестерінің, сонымен қатар өзінің қателерін риясыз талдау жатады.
Медициналық қызметкер емделушілердің денсаулығына залал келтіретін, ар-намыссыз, біліктілігі төмен деңгейдегі әріптестерінің әртүрлі іс-тәжірибесіне кедергі жасауы тиіс.
Медициналық қызметкер қоғамда маңызды рөл атқара отырып, қоғамдық шараларға, әсіресе, салауатты өмір салтын насихаттайтын шараларға белсене қатысуға міндетті. Пациенттердің денсаулығына зиян келтіретін арсыз және құзыреті жоқ әріптестердің, сондай-ақ әртүрлі кәсіби еместердің тәжірибесіне кедергі келтіруі тиіс.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ЖОЛ БЕРУГЕ БОЛМАЙТЫН ӘРЕКЕТТЕРІ
1. Денсаулық сақтау саласы қызметкері өзінің кәсіби іс-әрекеттерінде білімін және қызметін өз мүддесінде қолдануына болмайды.
Денсаулық сақтау қызметкері:
- өз білімін және мүмкіндіктерін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;
- негізсіз медициналық шараларды жүзеге асыруға немесе оларды іске асырудан бас тартуға;
- емделушіні жазалау, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық іс-әрекеттерді қолдануға;
- емделушіге философиялық, діни және саяси көзқарастары бойынша өз пікірін таңуға;
- емделушіге немқұрайлылықпен немесе салақтықпен физикалық, адамгершіліктік, материалдық залал келтіруге және осындай залал келтіретін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне селқос қарауға құқылы емес.
2. Денсаулық сақтау қызметкерінің жеке сенім-нанымдары және басқа да кәсіби емес себептер емделушінің диагнозын қоюға және оны емдеуге әсер етпеуі керек.
3. Емделушінің ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы олардың сапасы мен қолжетімділігінің азаюының, ҚР заңымен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде оған тегін ұсынылған медициналық көмек түрлері мен ауқымдарының азаюы себеп бола алмайды.
4. Емделушілерден сыйлықтар алуға және беруге болмайды. Өйткені сыйлық бере алмайтын және алмайтын емделушілерде оларға қамқорлық тиісті деңгейде көрсетілмейді деген сезім тууы мүмкін. Сыйлықтардың көрсетілген қызметтер үшін алынуына немесе берілуіне болмайды. Қолдағы ақша немесе бағалы сыйлықтарды алуға тыйым салынады.
5. Денсаулық сақтау саласының қызметкері қызметін өз мүддесінде қолдануға, емделушінің эмоциялық күй-жайын пайдаланып, онымен мүліктік шарттар жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта қолдануға, парақорлықпен және бопсалаушылықпен айналысуға құқығы жоқ.
6. Денсаулық сақтау саласының қызметкері ем тағайындау кезінде емделушіге қолданыстағы дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы дәйексіз, толыққанды емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруіне, сонымен қатар емделушіден төменірек бағаланатын дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуы жөніндегі ақпаратты жасыруына құқығы жоқ.
7. Денсаулық сақтау қызметкері дәрі-дәрмектерді дайындайтын және тарататын фирмалардан өздерінің ұсынған дәрі-дәрмектерін тағайындағаны үшін сый-тарту қабылдауына, медициналық ұйым аумағында компанияның логотипі немесе дәрі-дәрмектің медициналық ұйымның саудалық атауы бар заттарын қолдануына болмайды.
8. Медициналық қызметкер өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде әртүрлі құмарлық тудыратын заттардың әсерінде болмауы тиіс және әрқашан айқын күйде болуға міндетті.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕН ЕМДЕЛУШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
1. Емделушінің ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлау.
Денсаулық сақтау саласының қызметкері емделушінің қадір-қасиетін сыйлауы, оған және оның жақын адамдарына ілтипатпен және шыдамдылықпен қарауы қажет. Емделушімен дөрекі және адамгершілікке жатпайтын қатынас құру, оның адамгершілік қадір-қасиетін төмендету, сонымен қатар емделушілердің қайсыбіріне үстемділікпен қарау, қайсыбірін тәуірлілеу санау немесе жек көру қасиеттеріне жол берілмейді.
2. Медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шарттары.
Денсаулық сақтау саласының қызметкері емделушінің қадір-қасиеті мен ерік-жігерінен айыру жағдайында медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті.
3. Мүдделер қақтығысы.
Пациент-қоғам, пациент-отбасы және т. б. мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда медициналық қызметкер пациенттің мүддесіне көңіл бөлгені абзал, егер олардың жүзеге асуы емделушінің өзіне немесе айналасындағыларға тікелей залал келтірмейтін болса.
4. Дәрігерлік құпия.
Пациент медициналық қызметкердің медициналық және өзіне сеніп тапсырылған барлық жеке ақпаратты құпияда ұстайтынына сенім артуға құқылы. Медициналық қызметкер науқастың немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз тексеру және емдеу барысында алынған медициналық көмекке жүгіну фактісін қоса алғандағы мәліметтерді жариялауға құқығы жоқ. Медициналық қызметкер дәрігерлік құпияның жария болмауы үшін шара қолдануы тиіс. Пациенттің өлімі дәрігерлік құпияны сақтау міндетінен босатпайды. Дәрігерлік құпияны жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жол беріледі.
5. Өлім аузында жатқан емделушіге моральдық тұрғыда қолдау көрсету.
Медициналық қызметкер өлім аузында жатқан науқастың азабын барынша жеңілдету үшін қолжетімді және заңды тәсілдерді пайдалануға міндетті. Медициналық қызметкер пациенттің қалауы бойынша кез келген діни конфессия қызмет етушісінің рухани қолдауын пайдалануына құқық беретінін кепілдік етуге міндетті.
6. Медициналық қызметкерді таңдау.
Медициналық қызметкер өзін одан әрі емдеуді басқа маманға сеніп тапсырамын деп шешкен пациентке кедергі болуға құқылы емес.
Медициналық қызметкер мынадай жағдайларда пациентті басқа маманға жіберіп, онымен жұмыс істеуден бас тарта алады:
- егер тиісті көмек түрін көрсету үшін құзыреті жеткіліксіз екендігін сезінсе;
- егер емдеу және тексеру жағынан пациентпен немесе оның туыстарымен арада қайшылық болса.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ
ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
1. Әріптестер арасындағы өзара қарым-қатынас.
Медицина қызметкерлері арасындағы өзара қарым-қатынас сыйластықтан, сенімділіктен және пациент мүддесін қорғаудан құрылуы тиіс. Медицина қызметкері әріптестерімен өзара қарым-қатынаста адал, әділ, тілектес, тәртіпті болуға тиіс, олардың білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарап, және де оларға риясыз өз тәжірибесі мен білімін беруге дайын болуы керек.
Басқа медициналық қызметкерлер алдында моральдік басшылық ету құқығы кәсіби құзыреттілік пен жоғары адамгершілік деңгейінде болуы қажет. Әріптесіне айтылған сын дәйекті және оған тіл тигібейтіндей қылып айтылуы керек. Әріптестің жеке тұлғасы емес, кәсіби әрекеттерін сынға жатқызамыз. Әріптестерінің абыройын түсіру арқылы өз беделін арттыруға және олардың жұмысы туралы пациенттер мен туыстары қатысып отырған кезде жағымсыз пікірлер айтуға құқығы жоқ.
2. Мейіргер дәрігер тағайындаған медициналық манипуляцияларды дәл әрі біліктілікпен жүргізуге міндетті. Мейіргердің жоғары кәсіби шеберлігі – мейіргер мен дәрігердің жолдастық, алқалық өзара қарым-қатынастары маңызды моральдық фактор. Дәрігер мен мейіргер кәсіби міндеттерін орындау кезінде өзара қарым-қатынас барысында дөрекі әрі қызметке қатыссыз сипатта сөйлесуге жол берсе, ол медициналық этика арқылы талқыға салынады. Егер мейіргер дәрігердің емдеу ұсынымдарының мақсатқа сай екендігінен күмәнданса, онда ол бұл жағдайды алдымен дәрігердің өзімен ілтипатты түрде талқылап, ал содан кейін де күмәны сейілмесе, жоғары басшылықпен талқылауы тиіс.
ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС КҮШІНІҢ ШЕГІ, ОНЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
1. Этикалық кодекстің әрекет етуі.
Осы кодекс Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК шеңберінде әрекет етеді және барлық жұмыскерлер үшін міндетті күшке ие.
2. Жұмыскердің жауапкершілігі.
Кәсіби этиканың бұзылуына жауапкершілік дәрежесін медициналық көмек және тәртіптік комиссия сапасын басқару қызметінің этикалық комиссиясы айқындайды. Егер этикалық нормалардың бұзылуы құқықтық нормаларға әсер етсе, онда ол үшін жұмыскер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртібін жауапқа тартылады.
3. Этикалық Кодексті қайта қарау және талқылау.
Осы Кодекстің жекелеген қағидаларын қайта қарау және түсіндіруді медициналық көмек сапасын басқару қызметінің этикалық комиссиясы кәсіподақ қызметкерлерінің ұсыныстарын ескере отырып жүзеге асырады.