Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚМКК

Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
1 ш/а медициналық қалашық
Телефон: 8 /7292/ 50-78-68

E-mail: cpz-mangystau@med.mail.kz

15.02.2023
492
17:03
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕМЕКІНІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘСЕРІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕМЕКІНІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘСЕРІ

Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебінің оқушыларына «Электронды темекіні (вейп) қолдану және оның әсері» және «Кәмелет жасқа толмаған жастар арасында құқық бұзушылық алдын-алу және болдырмау» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріске Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры (нарколог) Усипбаев Уали Аралбаевич, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Б. Бердешова, Ақтау қаласы полиция департаментінің ЖПҚб ЮП бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Ж.М.Ахметов, «Сенім» медициналық клиникасының жастар денсаулығы орталығының жетекшісі, психолог А.Ж. Телегенова және мектеп дәрігер-педиатры А.С. Рахметова қатысты.

Әсіресе жастар арасында вейп (электронды темекі) шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті. 

«Қазіргі таңда қоғамда түрлі өзгерістер болып жатыр. Мен сіздерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық және оны болдырмау жолдары туралы айтамын. Бүгінде еліміз бойынша есірткіге тәуелді адамдардың саны күн санап көбеюде. Есірткіні шығарушылар оны тарату үшін көп жағдайда кәмелетке толмаған жастарды ресурс ретінде қолданады. Олар көбі «закладчик» рөлін атақарады. Бұндай іс-әрекеттері үшін көптеген жасөспірімдер  қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көптеген қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдер ерте жастан ақша табу немесе ата-анадан қаржылық тәуелсіз болуы үшін жасағандығын айтады» деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Б. Бердешова.

«Мен сіздерге құқық бұзушылықтың алдын-алу, бала құқығы, қылмыс пен жаза, әлімжеттік жасау және бопсалау туралы айтқым келеді. Жасөспірімдер арасында бопсалау және әлімжеттік жасау қазір еліміз үшін өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Өйткені қазір оқушы кезден қосымша қаржы табу және ол қаржыны күштеп алу оңай болып отыр. Сол себепті оқушыларға өзара бір-бірін құрметтеуге шақырамын. Бопсалау және әлімжеттік фактілері тіркелген жағдайда оқушы заң алдында жауапкершілікке тартылады. Оқушылардың негізгі құқығы сапалы білім медициналық көмек алу және тәрбие алу болып табылады»- деді Ақтау қаласы полиция департаментінің ЖПҚб ЮП бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Ж.М.Ахметов.

«Электронды темекі туралы әртүрлі ақпараттар желі жүйесінде өте көп. Темекі қандай формада болмасын бәрібір адамды тәуелділікке ұшыратады. Қазір елімізге келіп жатырған электронды темекіні дәстүрлі темекіге қарағанда арнайы технологиялық стандартпен бекітілмеген. Елімізге сырттан келіп жатырған дәстүрлі темекі өнімдері арнайы стандартқа сәйкес тексеруден өткізіледі. Әлем бойынша дәстүрлі темекіні тұтынатын адамдар жыл санап азаюда, сол себепті темекі шығарушы алып компаниялар қосымша қаржы табу мақсатында, электронды темекілерді шығаруға және сатуға қомақты инвестиция құйып жатыр. Адамның денсаулығы электронды темекі шығарушыларға мүлдем маңызды емес екендігін естен шығармауымыз керек» - деді дәрігер-психиатр (нарколог) Усипбаев Уали Аралбаевич.

«Салауатты өмір салтын ұстану қазір кең ауқымды алып келеді. Алайда қоғамда жаман әдетке «темекі тарту, есірткі заттарын қолдану, ішімдік ішу және т.б.» әуес адамдар аз емес. Көп жасөспірімдер электронды немесе дәстүрлі темекі шеккен кезде бір проблема шешіледі деп өздеріне миларына орнатып қояды. Алайда ешқандай проблема шешілмейді. Темекі шегу мен есірткі заттарын қолдану толық тәуелділікке әкеледі және олардан бас тарту көп уақыт пен қаржыны талап етеді» - деді «Сенім» медициналық клиникасының жастар денсаулығы орталығының жетекшісі, психолог А.Ж. Телегенова.

Бүгінде әлемдегі 25 мемлекетте вейпке ресми түрде тыйым салынды.

 

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте
Хабарлама жіберілді. Жауабын e-mail поштаңызға жібереміз.