Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚМКК

Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
1 ш/а медициналық қалашық
Телефон: 8 /7292/ 50-78-68

E-mail: cpz-mangystau@med.mail.kz

15.02.2023
2192
16:58
АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР: ОБА ЖӘНЕ ТЫРЫСҚАҚ

АСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР: ОБА ЖӘНЕ ТЫРЫСҚАҚ

Облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында медициналық қызметкерлерге «Аса қауіпті инфекциялар: оба және тырысқақ»  тақырыбында семинар өткізілді.      Семинар барысында дәрігер-эпидемиолог  М. Базарбаева медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» № ҚР ДСМ-116 санитариялық қағидаларын бекіту туралыбұйрығын түсіндірді. 

Оба – қоздырғыштары әр түрлі механизммен берілетін, айқын интоксикация, терінің, өкпелік, лимфатикалық түйіндердің зақымдалуымен және жиі сепсистің дамуымен сипатталатын, зоонозды табиғаты-ошақты жедел инфекциялық ауру. Аса қауіпті топқа жататын инфекция.

Эпидемиологиясы - Табиғи-ошақты инфекция. Инфекция көздері егеуқұйрық типті кемірушілер (300-ге тақау түрлері бар), оның ішінде негізгілері: сарышұнақ, суыр, ауру адам (әсіресе өкпелік түрі) және түйелер.

Оба инфекциясының берілу жолдары: 

- трансмиссивті (кенелер арқылы) қарым-қатынас – зақымдалған тері және шырышты қабат арқылы;

-  ауа-тамшы – обаның өкпелік формасымен ауыратын науқастан ауа – шаң жолдары арқылы.

Табиғи ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алу. :

    Табиғи ошақтарда өмір сүретін халық пен белгілі маман топтарын вакцинациялау. (эпидемиялық көрсеткіштер бойынша) .

Күтім ерекшеліктері: Оба ауруымен ауыратын адамдарды күту кезінде қатаң эпидемияға қарсы режимды сақтау керек. 

Обамен ауыратын науқастармен обаға қарсы киімсіз қарым қатынаста болған адамдарды инкубациондық кезең біткенге дейін антибиотиктермен емдей отырып, толық изоляциялайды. 

Оба ауруы кезінде қатаң төсектік режим сақталынады, себебі жүрек қан тамыр жүйесінде зақымдалу байқалады. Минимальды физикалық күш түссе, ол жүрек тоқтауына немесе жүрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. 

Холера (тырысқақ) — Vibrio cholerae қоздырғышымен шақырылатын, экзотоксиннің әсерінен сулы-электролитті диареямен және оның нәтижесінде туатын сусыздану синдромымен жедел өтетін аса қауіпті ішек антропонозды инфекциясы. 

Холера жайлы тарихи мәліметтер 1817 ж-ға дейін холера тек қана Оңтүстік-шығыс Азияда, көбінесе Индияда тараған ауру болған. 1817-1936 ж.ж. — Азияттық холераның 6 пандемиясы өтті. 1961 жылдан бері — 7-ші пандемия. Қазіргі күнде холера 40-тан астам мемлекеттерде тіркелген. Жыл сайын дүние жүзінде холерамен 300-500 мың адам ауырады, өлім көрсеткіші 1-4%. Қазақстанда холера жан-жақтан әкелінген бірен-саран оқиғалармен көрінеді.

 Таралу механизмі: нәжіс-ауыз (фекальді -оральді) арқылы . 

Таралу жолдары: су арқылы (көбінесе) алиментарлы тұрмыстық қатынас арқылы .  

Адамдардың инфекцияны қабылдау мүмкіншілігі өте жоғары – 100% -ке дейін. Эндемиялық ошақтарда көбінесе балалар мен қарт адамдар ауырады. 

Инкубациялық кезеңі: 1-2 күннен 5 тәулікке дейін. Басталуы жедел. Продромальды белгілер сирек кездеседі (12-17% көбінесе Эль-Тор холерада). Холераның ең бірінші көрінісі: аяқ астынан пайда болатын диарея (тәулігіне 3-10 реттен 30 ретке дейін), іш өту ауырсынусыз болады.   


 

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте
Хабарлама жіберілді. Жауабын e-mail поштаңызға жібереміз.