ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
ОРТАЛЫҒЫНА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2023 жылдың 16 қаңтарында Облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Аманбек ҚабдешұлыЖұмыровтың қатысуымен, орталыққа директор тағайындалуы бойынша жиналыс өткізілді.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Аманбек Жұмыровтың бұйрығымен Облыстық психикалық денсаулық орталығының директорлық қызметіне Тоқанов Мәди Қайламбекұлы тағайындалды.
Аманбек Қабдешұлы, директор лауазымынатағайындалған Мәди Қайламбекұлына жаңа қызметінде абыройлы, жұмыста жемісті болуын, орталықтың алға қойған жоспарларын орындауға үлкен жауапкершілік пен сенім артатындығын айтты.