2022 жылдың 10-11 желтоқсан күндері «Сенім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің кәсіптік одағының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Маңғыстау облысындағы медициналық ұйымдарының қызметкерлері арасында шағын футбол мен волейболдан турнир өткізілді.
Облысымыздың медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде ғана емес, сонымен қатар спорттық тұрғыдан да озат екендігін бірнеше фактілермен дәлелдейді. Солардың бірі - футбол мен волейбол спорттық түрлерін ойнау.
Ерлер арасындағы шағын футболға Облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері қатысты.
Жалпы алғанда турнирге облыстағы 17 медициналық ұйымдарынан жүзден астам қызметкерлер қатысып, турнирдің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.