БӘС ТІГУ – ҚАТЕРГЕ БӘС ТІГУ ЕМЕС ПЕ?
2022 жылдың 8 желтоқсанында Маңғыстау телеарнасында «Бәс тігу-қатерге бәс тігу емес пе?» тақырыбында Төрлетіңіз бағдарламасы өткізілді. Бағдарламаға Облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Байтуякова Алия Акимбековна және Ақтау қалалық мешітінің имамы қатысты.
Ғаламтор көптен бері адам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды, әсіресе балалар мен жастар арасында. Бірақ құмар ойындары онлайн болғаннан бері, оның қауіпті жақтары көбейді.
Түрлі ойынға ақша тігіп, тоқтай алмау - бұл лудоманияның бір белгісі. Салдарынан кейбірі үйінен, көлігінен тіпті отбасынан айырылып жатады. Ойынқұмарлықтың қалыптасу себептері қандай, ол тұқым қуалайтын ауру ма және ол қалай емделеді?
Әлемдік деңгейде, оның ішінде Қазақстанда да оны емдеу жолдары бар.
«Бірінші диагностика жасау керек. Оныменарнайы психотерапевт немесе психологтарайналысады. Ал жасырын депрессия анықталған жағдайда дәрі-дәрмекпен емдейді. Бұл емдеудің бірінші кезеңі.
Екінші кезең - психологиялық түзету. Ол жеке және арнайы жаттықтыру тобында жүргізіледі», - дейді маман.
Тек ойынқұмар адамға көмек көрсету аздық етеді. Оның отбасымен де жұмыс істеп, психотерапиялық көмек көрсетілсе нәтиже оң болуына көп мүмкіндік туады.