ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНАЗИЯНЫ
2022 жылдың 24 қарашада Болашақ колледжінің студенттеріне электрондық темекінің адам ағзасындағы зияны тақырыбында Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры (нарколог) Усипбаев Уали Аралбаевичқатысып, тәрбие сағатын жүргізді.
Әсіресе жастар арасында вейп (электронды темекі) шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті.
Бұл құрылғы ингалятор секілді. Ішіндегі сұйықтық қайнағанда бу шығады. Сұйықтықтың құрамында бірнеше зат бар. Олар:
Вейперлер электронды темекінің зияны жоқ депойлайды. Себебі оны шеккенде шайыр бөлінбейді. Буда 31 қауіпті зат болады. Оған қоса, хош иістісұйықтықты көп жағдайда қолдан жасайды. Соданбағасы да арзан. Ал аккумулятор қызып тұрғанда канцерогенді заттардың мөлшері көбейеді. Аккумулятор жарылып кетуі де мүмкін.
Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, уыттыхимикаттардың бірі – диацетил. Ол хошиістендіргіштердің 75 процентінде болады. Бірақ деммен ішке көп тарта берсе, өкпеде қабыну процестері басталады. Бронхшалар тарылады, тыртықтар пайда болады. Жалпы уытты заттардың әсері аз емес. Олар:
Ал бір вейпті бірнеше адам қолданған жағдайда гепатит, туберкулез сияқты аурулар таралуымүмкін.
Бүгінде әлемдегі 25 мемлекетте вейпке ресмитүрде тыйым салынды.