Нашақорлықтың алдын алу
2022 жылдың 25 қарашасында Маңғыстау Энергетикалық колледжінің студенттеріне «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріске облыстық психикалық денсаулық ортылығының дәрігер-психиатры(нарколог) Елеуова Корлан Амангелдиевна және колледждің психолог маманы қатысты.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда қазіргі уақытта ересектер арасындада есірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында салынуға бейім жағдайлар мыналар:
- ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі қолдануы;
- әкесі мен анасының жиі жанжалдасуы;
- отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеу;
- достарының арасында нашақорлардың бар болуы;
- өзінен жасы үлкен достарының жетегіндежүруі;
- алкоголь мен есірткіге қол жеткізудің оңай болуы;
- әлеуметтік жағдайының төмендігі.
Зиянды заттардың алдын алу үшін келесідейұстанымдарды ұстау керек:
- дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде орындау;
- есірткі және алкоголь тұтынатын адамдарданбойын аулақ ұстау;
- бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;
- тиімді, құнарлы тамақтану;
- өзін-өзі сыйлау, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы.