Маңғыстау облысындағы БМСК мамандары
арасындағы жұмыс кеңесі
2022 жылғы 15 қарашада «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» ШЖҚ МКК мәжіліс залында,АИТВ-инфекциясына психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған және есепке жаңадан алынған инъекциялық есірткі тұтынушылардың АИТВ-инфекциясына тексерілуі бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. Жұмыс кеңесіне Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Б.А. Дүйсенбаева, ЖИТС орталығының директоры А.Ә. Сағымбаев, ЖИТС орталығы директордың орынбасары А.Х.Тасбулатова, дәрігер-эпидемиологтар және Облыстық психикалық денсаулық орталығынан АТМО меңгерушісі Ә.Қ. Жанжігітова, №1 АҚЕ, № 2 АҚЕ, №1 ЖҚЕ, №2 ЖҚЕ, №3 ЖҚЕ, Қарақия орталық аудандық емханасының, Мұнайлы орталық аудандық емханасының, Маңғыстау орталық аудандық емханасының, Түпқараған орталық аудандық емханасының, «Мухамбет» ЖШС медициналық клиникасының, «Sofie medgroup» ЖШС медициналық клиникасыныңқызметкерлері қатысты.
Жұмыс кеңесінде Маңғыстау облысында 2022 жылдың 10 айы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, 2022 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша инекциялық есірткі тұтынушылардың диспансерлік есепте тұрған және есепке алу кезінде АИТВ-инфекциясына тексерілуі және опиоидты агонисті қолдаушы терапия туралы айтылып, облысымызда жолға қою мақсатында ұйымдастыру жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар, көптеген мәселерді шешу жолдары қарастырылды.
Жұмыс кеңесі қорытындысы бойынша инекциялық есірткі тұтынушылардың арасында АИТВ-инфекцияның алдын-алу жұмысын жандандыру және ИЕТ-дың тексерілуін 95% төмен болмауын қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылданды.