ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ
2022 жылдың 17 қарашада Samruk Intelectual School мектебінің оқушыларына электронды темекінің адам ағзасындағы зияны тақырыбында Облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатрлары (нарколог) Елеуова Корлан Амангелдиевна және Ербулекова Аида Аскаровна қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие сағатын жүргізді.
Әсіресе жастар арасында вейп (электронды темекі) шегетіндердің саны күн сайын артып келеді. Өйткені вейп темекі секілді емес, одан хош иіс шығады. Бірақ сол хош иістің өзі өте қауіпті.
Бұл құрылғы ингалятор секілді. Ішіндегі сұйықтық қайнағанда бу шығады. Сұйықтықтың құрамында бірнеше зат бар. Олар:
• Глицерин;
• Пропиленгликоль (Е1520);
• Хош иісті қоспалар;
• Никотин (кей кезде қосылмайды).
Вейперлер электронды темекінің зияны жоқ депойлайды. Себебі оны шеккенде шайыр бөлінбейді. Буда 31 қауіпті зат болады. Оған қоса, хош иістісұйықтықты көп жағдайда қолдан жасайды. Соданбағасы да арзан. Ал аккумулятор қызып тұрғанда канцерогенді заттардың мөлшері көбейеді. Аккумулятор жарылып кетуі де мүмкін.
Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, уыттыхимикаттардың бірі – диацетил. Ол хошиістендіргіштердің 75 процентінде болады. Бірақ деммен ішке көп тарта берсе, өкпеде қабыну процестері басталады. Бронхшалар тарылады, тыртықтар пайда болады. Жалпы уытты заттардың әсері аз емес. Олар:
• Пропиленгликоль ағзада жиналып, аллергиялық реакцияларды қоздырады. Бауыр мен бүйрекке зиян тигізеді;
• Пропиленгликоль мен глицерин ыдырғаннан кейін акролеин мен формальдегид қалады. Акролеин көздің шырышты қабығына әсер етсе, формальдегид жүйке жүйесіне салмақ түсіреді;
• Никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтырады;
• Құрамында никотині бар буды көп жұта берсе, адамның жүрегі айниды, басы айналады. Ас қорыту жүйесі бұзылып, іші өтеді.
Ал бір вейпті бірнеше адам қолданған жағдайда гепатит, туберкулез сияқты аурулар таралуымүмкін.
Бүгінде әлемдегі 25 мемлекетте вейпке ресмитүрде тыйым салынды.