Маңғыстау облысы аймағында 25-қазан Республика күнін атап өтуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тапсырмалар жоспарына сәйкес, “Таза табиғат” жалпыреспубликалық экологиялық науқанын ұйымдастыру бойынша 2022 жылғы 23 қазанда санитарлық тазалау сенбілігі өткізілді.
Сенбілікке облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлеріде белсене ат салысты.
Сенбіліктің басты мақсаты аумақты қоқыстан тазарту және халықты тазалыққа, бірлікке, жауапкершілікке шақыру.
Сенбілікке қажетті құралдар қолғап, қап, техника Ақтау қаласы әкімдігімен ұйымдастырылды.